"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні 5 қыркүйек күні Тіл мерекесімен қатар аталуына орай, «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты дауыстап оқу сағатын арнайы кітапхана бүгін Павлодар қаласының Қарттар мен мүгедектер үйінің оқырмандарына арнады.
Тіл туралы мақалалар оқылып, «Жауабын үш тілде айт», «Сәлемдесу сөздері басқа тілдерде қалай болады?» ойындары өткізілді. "Әрқашан күн сөнбесін" әні үш тілде шырқалып, арнайы кітапхана оқырманы Н. Альмагамбетова А.Байтұрсынов, М.Мақатаев, А.Құнанбаев, А.Пушкин, Н.Некрасовтың өлеңдерін оқыды.
Аталмыш тақырыпта кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/til-ta-dyry-el-ta-dyry-atty-dauystap-o-u-sa-atyn.html#sigProIdd1e25ddc00