+7 (7182) 34-89-93

Ана тілің – арың бол,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – деп Қадыр Мырзалиев атамыз жырлағандай  қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі! Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.

Бүгін де осы өзіміздің ана тілімізді дәріптеп, асқақтату барысында Облыстық арнайы кітапхана төрінде «Тілі бірдің – туы бір» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара ҚР мемлекетінің гимн орындаумен басталды. Кітапхана оқырмандары: Б. Аккузинова, Л.Қызынғашева, Б.Ибраевалар осы мерекеге байланысты өз өнерлерін көрсетті. Кітапхана төрінде «Тіл – ұлттың жаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

5 қыркүйек Қазақ халқы тілдері күні мерекесі. 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Онлайн кім

Қазір 53 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр