+7 (7182) 34-89-93

15 тамыз күні арнайы кітапхана қызметкері «Қазақ зағиптар қоғамы» оқу-өндірістік кәсіпорнында көрнекті ақын, жазушы  Ғафу Қайырбековтың 95 жылдық мерейжасына арналған «Туған жер, шіркін не екені...» атты дауыстап оқуын өткізді.

Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмірбаянымен және шығармаларымен таныс болды. Кітапханашы  ақынның өлеңдерінен, шығармаларынан үзінді оқыды. Сонымен қатар оқырмандар назарына «Ғафудың сыршыл әлемі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.