+7 (7182) 34-89-93

25 сәуір күні облыстық арнайы кітапхана Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, Павлодар қаласының құрметті азаматы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Арман Қани ағамыздың 65 жас мерейтойына арналған «Туған жер төсінде» атты  поэзия сағатын өткізді.

Ақын ағамыз Жаяу Мұса мен Мәдидің ұрпағы болғандықтан, Иса Байзақов атындағы филармония  әртісі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген  қайраткері Ербол Айтбаев Мәдидің және Жаяу Мұсаның әндерін шырқады.

Кітапхана қорына Арман ағамыз «Қарашығымдағы бейнелер» атты кітабын сыйға тартты. Аталған тақырыпта ақынымыздың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 87 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр