+7 (7182) 34-89-93

«Библиотеки с берегов одной реки" кітапханааралық  жобасы аясында Павлодар және Шығыс Қазақстан арнайы кітапханаларының қызметкерлері мен оқырмандары "Творение рук человеческих"атты онлайн-кездесу өткізді.

Дәстүр бойынша жобаға қатысушылар өз оқырмандарымен шығармашылық ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісу үшін шығармашылық онлайн-алаңға жиналды. Кездесуде макраме, оригами, бисер тоқу, сабын жасау, киіз басу және тоқу техникаларында екі қаланың (Павлодар, Өскемен) арнайы кітапханаларының талантты оқырмандары шығармашылығының сәндік-қолданбалы өнері көрмесі өткізілді. Сонымен қатар,  қатысушылар сұхбат сұрақтарға қуана жауап беріп, өздерінің пайдалы кеңестері мен ұсыныстарымен бөлісті.