+7 (7182) 34-89-93

2017 жылдың 7-ші сәуір күні облыстық арнайы кітапханада Бүкілдүниежүзілік денсаулық күніне арналған оқырмандар мен кітапхана қызметкерлер үшін «Твори свое здоровье сам» іс шарасы өткізілді. Іс-шараның ақпараттық бөлшегі ретінде «Азбука здоровья» иллюстративтік-кітап көрмесі ұсынылды. Денсаулық күні «Дені саудың – жаны сау» сергіту сәтімен басталды. Оқырмандарға арналған құттықтау сөзі музыка және бейнебаяндармен жалғастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары арасынан тоғызкұмалақ, шахмат, дойбы, жүзу және шаңғы спорт түрінен спорт шеберлері қатысты.

Олар көз мүгедектер: Даирханова Қ. және Смагулова А. Олар спортта жеткен өз нәтижелері туралы айтып берді. Кітапханашы денсаулық туралы афоризмдерді оқып, жұмбақтар жасырды. Іс-шара барысында салауатты өмір салты туралы және зиянды әдеттер туралы әңгіме айтылды.

Библиограф іс-шара соңында «Целебные растения вокруг нас» тақырыбындағы кітап, журналдарға шолу жасап, таныстырып өтті.

Денсаулық күні Қарттар мен мүгедектер үйінде жалғастырылды.