+7 (7182) 34-89-93

21 ақпан облыстық арнайы кітапхана үшін ерекше күн болды. Ауған соғысы ардагерлері, көз мүгедектері А.Бердиевпен, К.Амировтың қатысуымен «У этой войны еще нет истории» атты еске алу кеші өтті.

Көңілге қаяу түсірген сол бір күндерді еске алған ардагер ағаларымыз, тыңдарман мамандырылған әскери мектеп-интернат оқушыларына, жастар үйінің тәрбиеленушілеріне батылдық, патриоттық борыштарын адал ниетпен атқарғандары жайлы сөз қозғады және енді қайталанбаса екен деген тілектерін білдіріп, К.Амиров гитарамен ауған жайлы әндерін шырқады.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Ақынымның алтын сөздерін
Санама құйып алғанмын.
Өмірдің өзі тарих деп,
Ауғанды еске алған күн.

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Осы күнді еске ала, Облыстық мамандырылған әскери мектеп-интернат оқушылары ардагерлеріміздің құрметіне  «Туған жер», «Батырлар ұраны» атты әндерін, ал аға лейтенант Ерлашев А.К. домбырамен қазақтын атақты күйлерін бүгінгі кешімізге сыйға тартты.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр