"Жазғы демалыс — күн шуағына бөленіп, самал желмен сырласатын, көңіл көкжиегін кеңейтіп, жанды тынықтыратын шаттыққа толы шақ.". 26 мектеп оқушылары жаздың осындай шуақты күнін пайдаланып, біздің кітапханамызға экскурсиямен келіп қалды. Жаз – тек демалыс пен күншуақтың мезгілі ғана емес, сонымен қатар кітап оқуға тамаша уақыт!
Осы балалармен "У книжки нет каникул" жобасы аясында "Жазда кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз" атты байқау өткізілді. Байқауға мектеп оқушылары белсенді қатысып, өздері оқыған ең ұнатқан кітаптары туралы әсерлерімен бөлісті. Балалар сүйікті кейіпкерлері жайлы әңгімелеп, иллюстрациялар салып, кітаптан үзінділер әңгімелеп берді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл байқау оқуға деген қызығушылықты арттырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен үлес қосты.
"Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі" демекші жас оқырмандарға кітап көбірек оқу ұсынылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/u-knizhki-net-kanikul-zhobasy-ayasynda.html#sigProId0c0536212b