+7 (7182) 65-01-29

12 маусым күні №26 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне арналған «Удивительный мир библиографии» сабағы өткізілді.

Сабақ барысында балалар анықтамалық басылымдар туралы мәлімет алып, «энциклопедия», «анықтамалық», «сөздік» сөздерінің шығу тарихымен танысты. «Хочу все знать!» атты кітап көрмесінде оқырмандарға әртүрлі салалар бойынша энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалықтар ұсынылды. Олардың қатарында «Жануарлар энциклопедиясы», «Хочешь знать. Где и когда?», «Легенды Древнего Казахстана», «Мир животных», «Все обо всем», «Қысқаша мектеп оқушысының анықтамалығы» және басқа да басылымдар қойылды.

Балалар энциклопедиялық басылымдар мен сөздіктерден терминдер мен анықтамаларды іздеу бойынша тәжірибелік тапсырмаларды сәтті орындап, «Структура книги», «Угадай сказку»,«Литературный,  светофор», «Юный библиограф» атты ойын-викториналарға қатысты. Сонымен қатар, «Көңілді кітапхана» сергіту сәтіне белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара соңында балалар үшін кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр