"Масленица" барлық мерекелердің ішіндегі ең думанды да қызықты мерекелердің бірі, сондықтан кәрі-жас демей, алыстағы ауылдарда да, үлкен қалаларда да ойын-сауық, ән-күй мол болып, қыстың қалған қарына мәз-мәйрам болғандар биік таулардан, төбелерден сырғанаған екен. Осы дәстүрді сақтай отыра арнайы кітапхана 26 ақпан күні Масленицаның «В разгуляй – не скучай!» халықтық мерекесін кеңінен атап өтті.
Тамаша көңіл күй сыйлап, мерекені думандата тойлауға «Оптимист» вокалдық ансамблі атсалысты. Мерекенің тойшыл қауымы бір-бірлерін құттықтап, дәм-тұз татып, сырнайлатып, түрлі ойын сайыстары жүргізіліп, частушка мен көңілді әндері шырқалды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/v-razgulyaj-ne-skuchaj.html#sigProId42e8c44217