+7 (7182) 34-89-93

Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алу мерекесіне арналған.  Бұл бір күндік мереке емес. Мереке - бүкіл апта бойына жалғасады.

Жалпы Масленица апталығының әр күнінің өз атауы бар: дүйсенбі – «кездесу», сейсенбі – «ойынның қызығы», сәрсенбі – «тәтті тамақ», бейсенбі – «серуен, қыдыру», жұма – «қайынене үйіндегі кеш», сенбі – «қайынапа отауындағы отырыс», және ең ақырында, «кешірімді жексенбі» деп аталатын, масленица бітетін жетінші күн, бұл күні араздасқан адамдар бір-бірінен кешірім сұрасады. Мұндай мерекелер танымалы болған сонда-ақ кең таралған.

Осы орайда Облыстық арнайы кітапханасы қонақтар мен оқырмандар үшін «Вкусное солнышко-Масленица!» атты мерекелік іс шара өткізді. Мерекелік шарада ән шырқап, №24 мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарына Масленицаға қатысты ойындар ойнатылып, жұмбақтар жасырылды.

Кеш соңында тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.

Онлайн кім

Қазір 4 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр