+7 (7182) 34-89-93

11 мамыр күні облыстық арнайы кітапхана қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында «Құқықтық мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізі» тақырыбында ұйымдастырылды. Шараға №24 орта мектептің 8-сынып оқушылары мен арнайы кітапхана қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің спикері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы– Бекжанов Назымбек Алпысбайұлы.

Назымбек Бекжанов жиналғандарға тәуелсіздік жылдарында мемлекетімізде қандай өзгерістер болғанын, жүйенің қалай өзгергенін және әр өңірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалай құрылғанын, қандай жұмыстар атқарылып жатқанын және Павлодар облысы қандай көрсеткіштерге қол жеткізгенін айтып берді. Оқушылар белсенді танытып, іс-шараның спикеріне сыбайлас жемқорлықтың себептері мен күресу жолдары туралы сұрақтар қойды.

Онлайн кім

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр