2018 жылдың 28 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалық жүйесімен бірлесіп көзі нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған республикалық кітапхана Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Зағип және көру қабілеті нашар азаматтардың зияткерлік даму мен қоғамды рухани жаңғыртуға арнайы кітапханалардың салымы» атты ғылыми-практикалық конфкеренциясын өткізді.
Біздің кітапханамыздан кітапхана басшысы Ж.К. Кенжебекова, кітаптарды жинау және өңдеу бөлімінің бастығы А.Ж.Нұрғалиева қатысты.
«Зағип адамдар өміріндегі арнайы кітапхананың зияткерлік рөлі мен маңыздылығы» баяндамасы дайындалды (баяндаушы Ж.Кенжебекова) және біз Брайльдегі үздік басылымға арналған конкурсқа қатысып, Павлодар өңірінің зағип ақындар шығармашылығынан «Шырқап, шырқап алайын, Астана»- «Пою о тебе, Астана!» атты жинағын шығарып-жинастырдық (НБШ және жалпақ басмылымда)