+7 (7182) 34-89-93

Жаңа жыл ... Айнала ақ мамық қарға жамылған, шыршаның иісі, түрлі-түсті ойыншықтар мен жаңа жылдық сыйлықтарға толы балаларға арналған ең сүйікті мерекелердің бірі.

23 желтоқсанда облыстық арнайы кітапханада «Домовенок» клубының аясында «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығының қатысуымен «Қыс ертегісі» атты жыл сайынғы жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Осы таңғажайып күн қуанышты және көңілді болды.

Ұлдар мен қыздар Аяз ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық шырша айналасында қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.

Әрине, жаңа жылдық тосынсыйлар қандай керемет! Балалар Аяз Атаның қолынан көптен күткен сыйлықтар алды.

Мерекенің демеушілері «Голд Трейд и К Компания» ЖШС, И.И. Харсеев В.А. және ҚКХП өкілдері қатысты.

Онлайн кім

Қазір 93 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр