+7 (7182) 34-89-93

28 желтоқсан күні «Домовёнок» клубының аясында жылсайынғы балаларға арналған дәстүрлі «Қысқы ертегіде қонақта» атты жаңа жылдық таңертеңгілік өтті. Мерекелік шараның басты кейіпкерлері ретінде өткізуге кітапханаға ХШО мен МСҚО «Шаңырақ» қызметкерлі қатысты.

Кітапханада безендірілген жаңа жылдық шырша маңында ертегі кейіпкерлері балаларды қарсы алды. Барлық балалар жақсы көңіл – күймен, дайындықпен келді. Біздің мерекелік шыршаға сиқыршы, фея, сұлтан, қоян, түлкі, көбелек, тағы басқа ертегі кейіпкерлері қонаққа келді. Жаңа жылғы шыршаға кклген балалар өз костюмдерін қорғап, өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтарын алды.

Сондай-ақ, барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтарға демеушілілік көмек көрсеткен «Компания Голд Трейд и К» ЖШС, Харсеева В.А. ЖК және Павлодар филиалының ККХП өкілдеріне арнайы кітапхана ұжымы өз алғысын білдірді.

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр