18 сәуірде облыстық арнайы кітапханада Павлодар журналисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, публицист, «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Ю.Д. Поминовтың 65 жылдығына арналған «Павлодар –вчера, сегодня, завтра» атты кездесу кеші өтті.
Юрий Дмитриевич өзінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы және журналистік өмірден көптеген қызықты әңгімелерін айтты.
«Радуга» ансамблі (жетекшісі Д.Козлов) сүйікті журналисті құттықтап, кешті көңілді ән-күймен толтырды. Оқырмандардың назарына «Павлодар-вчера, сегодня, завтра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бұл көрмеде қонағымыздың шығармашылығы ұсынылды. Өзінің арнау өлеңін көру қабілеті нашар ақын Валентина Косович кеш қонағына арнады. Оқырмандар қуана-қуана тыңдады және сұрақтар қойды, өз әсерлерімен бөлісіп және жақсы тілектерін білдірді. Кеш соңында Юрий Дмитриевич жеке қолтаңбасымен жазылған кітаптарын сыйға тарта, кітапханамыздың қорын толықтырды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/yu-d-pominovty-65-zhyldy-yna-arnal-an-pavlodar-vchera-segodnya-zavtra-kezdesu-keshi.html#sigProIdee2f9fdde0