+7 (7182) 34-89-93

Арнайы кітапханада 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Қызыл гүлім ай» атты мерекелік концерт өтті. Әдеттегідей кітапхананың белсенді де, тұрақты оқырмандары қатысты. Ж.М. Баженова жетекшілік ететін Павлодар Мәдениет бөлімінің «Домовята» театр-студисы сондай-ақ А.А.Калтаева жетекшілік ететін «Бәйтерек» вокалдық студиясы қатысып А.А. Калтаева «Подруга» әнін, бала бақша әншісі Макишева Аяру «Ата-әже» әнін орындады.

Жүсіпбек Аймауытов театрының әртісі Хабев Айнаш «Ана», «Ауылыма менің бара кел» әндерін орындап аналарымызды құттықтады.

Кеш соңында өнер көрсеткен қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.