28 шілде күні мүгедектермен жұмыс жасайтын мәдениет үйіндеоблыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана дайындағантәуелсіздіктін 25 жылдығына орай арналған «ЗАҒИПТАР ӘЛЕМІНЕ КӨЗ САЛАЙЫҚ» атты акциясына кітапхананың белсенді, шығармашылық талантты, ақын оқырмандары қатысты.
Оның ішінде ерекше айта кететін«САУЛЕМ-АЙ» мүгедек әйелдер ансамблі (жетекшісі С.О.Садыков), жеке солистердің нөмірлері, аспапшылардың орындауы (гитара, домбра, баян), зағип ақындардың өлеңдері көремендердің көңілінен шықты.
«ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ЖЫРЛАР» атты зағип ақындар шығарған өлеңдер жинағының көрмесі, «САУСАҚ ҰШЫНДАҒЫ ӘЛЕМ» атты мүгедектердің қолөнер көрмелері көрермендерді таңқалдырды.
Акцияның басты мақсаты орындалды: Мүгедектерді өзінің қиыншылықтарымен жалғыз қалдырмау. Мүгедектер шығармашылығын дамыту және насихаттау.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/za-iptar-lemine-k-z-salajy-aktsiyasy.html#sigProIdf414c7aef4