15 қыркүйекте Нашақорлықтың медициналық - әлеуметтік проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық орталығында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың дарынды оқырмандары - мүмкіндігі шектеулі адамдар, зағип ақындар В.Косович, И.Неустроев, Г.Юнеман, Н.Черепанованың қатысуымен «Зағиптар әлеміне көз салайық» атты акциясын өткізді. Жеке орындаумен ән шырқағандар: Адамжанова Г. (домбыра), Кызынгашева Л. (баян), Утениязов А. (гитара).
Көз мүгедектер С.Нуриманова және С.Мрыль өздері туралы айтып, көреремендердің көңілінен шықты.
Іс-шара барысында «Саусақ ұшындағы әлем» атты көрме ұйымдастырылып, көз мүгедек ақындардың туындылары, сондай-ақ мүгедектердің қолымен жасалған бұйымдары шығарылған.
Іс-шараның басты ерекшелігі «Радуга» және «Оптимист» атты мүгедектер ансамбльдерінің ән шырқауы болды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/za-iptar-lemine-k-z-salajy.html#sigProIdd2cf8db3d1