+7 (7182) 34-89-93

Бүгін кітапханада маңызды әрі қызықты танымдық әңгіме өткізілді. № 26 мектеп балаларына арналған «Заң және тәртіп» - атты дәрісі ұйымдастырылды. Құқық — адам баласының өмірімен тығыз байланысты ұғым. Туғаннан бастап әр адамның белгілі бір құқықтары болады: өмір сүру құқығы, білім алу, еркін ойлау және өз ойын айту құқығы. Бұл құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілген.

Мақсаты — өскелең ұрпаққа құқықтық сауаттылық негіздерін түсіндіру, өз құқықтары мен міндеттері жайында білуге үйрету, қоғамдағы тәртіптің маңызын ұғындыру. Осы өткізілген шара бойынша мектеп оқушалы заң жайында алған білімдерін тексеру мақсатында келесі сұрақтар қойылды.

Заң деген не? Әр азаматтың міндеті қандай? Тәртіпті болу неліктен маңызды? Заң адамды әділетсіздіктен қорғайды, ал құқық адамға таңдау еркіндігін береді. Балалар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар жайлы талқылады. Осындай кездесулер арқылы біз балалардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосамыз. Іс шара соңында балалар «Заң және тәртіп –қоғам тірегі» атты кітап көрмесімен танысты.

Онлайн кім

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр