Облыстық арнайы кітапханада Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «Заманның интерьеріндегі портреті» деп аталатын әдебиет кеші атап өтілді.
Бұл кешке Павлодар қалалық №24 жалпы орта білім беру мектепбінің 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар оқушыларға ақынның өмірі мен шығармалары айтылып, бейнебаян көрсетілді. Келген оқушылар арасынан жазушымыздың шығармасынан өлеңдер шумағы оқылып сұрақ-жауап алмастырылды.
Іс-шара соңында оқушылардың сұранысы бойынша, кітапхана ішіне экскурсия жүргізілді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zamanny-intererindegi-portreti-debiet-keshi.html#sigProIdb64804724f