+7 (7182) 34-89-93

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды – бұл экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.

Бүгін облыстық арнайы кітапханасында «Люди огненной профессии!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы іс-шараға Павлодар облысы ТЖД ІІБ УГПК аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Қ.С. Аубакиров және аға лейтенант С.А. Қабдылов қатысып, №24 мектептің 9 сынып оқушыларына өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жайында, нысана және елді мекендерде өрттерге байланысты кезекті төтенше-құтқару жұмыстарын жүргізу ережелері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар өрт сөндіру құрылғысын қалай дұрыс қолдану керектігі жөнінде тәжірибе көрсетті. Содан кейін балаларға кәсіптік бағдар беретін бейнеролик көрсетілді.