Ағымдағы жылдың 17 қарашакүні Облыстық арнайы кітапханада Қазақстан Республикасының Халық ақыны Мәриям Хәкімжанованың – 110 жыл толуына арналған «Жүрегі шуақ, жаны-нұр» атты әдеби сағаты «Шабыт» клубы аясында өткізілді.
М. Хәкімжанованың өз өмірі туралы бейнебаян көрсетіліп, «Өмір деген өткінші» өлеңі мен «Мәншүк» поэмасынан үзінді оқылды. Іс-шараға кітапхананың белсенді оқырмандары қатысып, М. Хәкімжанованың өмірбаянымен, шығармаларымен танысты. Әдеби сағаттың соңында кітапхана оқырмандары өз алғыстарын білдірді.
«Жүрегі шуақ, жаны-нұр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zh-regi-shua-zhany-n-r.html#sigProId289fec6e33