Өтіп бара жатқан 2024 жылда оқырмандардың қатысуымен көптеген қызықты және танымдық жобаларды жүзеге асырдық. Ал бүгін біз жаңа жылдық шырша айналасына белсенді оқырмандарымызды мерекелік ертегі әлемін тамашалауға жиналдық.
Ризашылықпен атап өтсек осы мерекелік іс-шарада арнайы кітапхана ұйымына қалалық демеушілері, қайырымдылық көмек көрсетіп жатқанын айта кеткім келеді. Биылғы жылы «ART ХАОС», Prazdnik» атты аниматорлар тобы және «Candy day» ұйымы балалардың ерекшеліктеріне қарамастан әрбір балаға қолайлы мерекелік кеш ұйымдастырды, ал тәтті сыйлықтарды «Metapsychology» атты ұлтаралық психология және дамыту орталығының басшысы М.А. Фисун және «Харсеева В.А.» ШҚ басшысы В.А. Харсеева мерекелік кештің сәнін келтірді. Бағдарлама барысында балалар Ириска мен Башмачок атты ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық сиқырлы хаттар мен сәлемдемелер жіберіп, ойын ойнап және би биледі, сонымен қатар басты кейіпкерлер Аяз Ата мен Ақшақармен бірге айнала көңілді би билеп балалар жаңа жылдық сыйлықтарын алды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zha-a-zhyl.html#sigProId010001c3eb