+7 (7182) 34-89-93

Жаңа жыл қарсаңында 26 желтоқсан күні кітапханада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жаңажылдық ертегі» атты карнавалы өтті. Мерекеге әртүрлі ертегі кейіпкерлері келді: Аяз Ата, Ақшақар, Фея, Мыстан Кемпір, Жаңа жылдың символы - Доңыз да болды.

Мереке өте көңілді өтті.  Бақытты балалар барлық сайыстарға  қатысып, көптеген әндер мен билер биледі.  Кітапханашылар шынайы әртістер секілді әртүрлі кейіпкерлер ретінде ойнады, балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлады. Барлығы бірге жаңа жылдық флеш-мобты биледі. Карнавалдың соңында Аяз Атаның қолынан әр бала көптен күткен тәтті сыйлықтарын  алды.

Онлайн кім

Қазір 158 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр