+7 (7182) 34-89-93

2016 жылдың 22 желтоқсан күні сағат 15:00-де арнайы кітапханада «Найди себя» жастар клубынының аясында «Жаңа жылдық жорамалдау» атты мерекелік карнавалы өтті.

Келген қонақтарға кітапханашылар көптеген жарыстар, көңілді ойындар және қызықты викториналар өткізді. Әр адам белсенді қатысқан үшін сыйлықтармен марапатталды.

Біздің дарынды оқырмандарымыз Колесников Иван, Кызынгашева Лилия, Нуриманова Сауле Жаңа жылға, қысқа, махаббатқа арналған әндерімен жастардың көңілдерін көтерді.

Мерекелік дастархан басында іс-шарамыз құттықтау өлеңдермен, әзілдермен жалғастырылды.

Іс-шарамызға демеушілік көмек көрсеткен үшін Қазақ Соқырлар Қоғамының Павлодар филиалының төрағасы Бердиев Арғынғали Оразымбетұлына үлкен  алғысымызды білдіреміз.

Онлайн кім

Қазір 56 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр