+7 (7182) 34-89-93

 Желтоқсанның 22-сі күні игі дәстүр бойынша арнайы кітапхана кішкентай оқырмандарын жаңажылдық шырша маңына жинады. Кітапхана іс-шараларына белсене қатысып жүрген №82 мамандандырылған балабақша тәрбиеленушілері, №7 арнаулы мектеп-интернатының оқушылары, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарының балалары «Шырша» әнін шырқады.

Қонақтарды күлкілі Банни есімді қоян қуыршақ қарсы алып, жағымды көңіл-күй сыйлады, кейіпкермен бірге балалар фотоаймақтаың жанына естелікке фотосуретке түсті. Сонымен қатар арнайы кітапхана қызметкерлері мен бірге бағдарлама бойынша балаларға ертеңгіліктің театрландырылған ашылуын ұсынды. «Amadeus City» аниматорлары қонаққа шақырылып, балақайлардың сүйікті мультфилімі мен ертегілерінен жанды қойылым көрсетілді. Сондай-ақ  интерактивті ойындар – «Prazdnik» агенттігінің кәсіби аниматорлары және ең танымал павлодарлық Аяз ата Артем Власенко мен оның сүйкімді Ақшақарының жылы құттықтаулары, демеушілердің Аяз ата арқылы берілген тәтті сыйлықтары балалардың көңілін көтерді.

Онлайн кім

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр