+7 (7182) 34-89-93

6 желтоқсанкүні арнайы кітапхана Салауатты өмір салтын қолдау орталығы мен бірлесе,  «Жас Ұрпак» жастар үйінің тәрбиеленушілеріне «Жастар салауатты өмір салты үшін» атты акциясын ұйымдастырды. Кездесуде Орталық денсаулық сақтау қорының директорының орынбасары Г.А. Жүсіпова, орталықтың үйлестірушісі М.Қ.Карибаев дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы «ВИЧ пен СПИД жұқпасының алдын алу» болды.

Ауруды жұқтырмау үшін, ВИЧ пен СПИД арасындағы айырмашылық қандай және мұндай қорқынышты аурудың дәрі-дәрмектері бар ма? Кездесу барысында дәрігерлерге осындай сұрақтар қойылды. Бұл акцияның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдердің назарын әлеуметтік денсаулық мәселесіне аудару, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынас жасау, сондай-ақ олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпті мінез-құлықтан бас тартуға ынталандыру.

Онлайн кім

Қазір 89 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр