+7 (7182) 34-89-93

Наурыздың 3-і күні облыстық арнаулы кітапхананың оқырмандарына «Жазушы» баспасының 90 жылдығына арналған ақпараттық сағат өтті. Бұл шарада оқырмандар «Жазушы» баспасының тарихы мен жетістіктерімен танысты.

«Жазушы» баспасы 1933 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы болып құрылды. «Жазушы» баспасының алғашқы директоры Ғабит Мүсірепов болды. «Жазушы» – қазақ, орыс, корей, ұйғыр тілдерінде көркем әдебиет шығаруға маманданған қазақ баспасы. Баспа көркем әдебиеттерді: классик және қазіргі жазушылар мен ақындардың шығармаларын, жинақталған шығармаларды, халық шығармашылығы мен фольклор шығармаларын шығарады. Баспаның авторларының қатарында Мұхтар Әуезов «Абай жолы», Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» және т.б. Баспаның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Шара соңында оқырмандар үшін 1984 жылғы магниттік таспадағы аудио әдебиеттерге және «Жазушы» баспасының кітап әдебиеттеріне шолу жасалды.

Онлайн кім

Қазір 64 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр