Облыстық арнайы кітапхана 2017 жылдың 31 мамыр күні Павлодар каласының мүгедектермен жұмыс жасау клубында, репрессияның құрбаны болған жандарды «Жазықсыз жапа шеккендер» атты еске алу сағатын «Шабыт» ұлттық клубының аясында өткізді. Зобалан жылдары ауыр тауқыметті бастан кешкен жандардың темір тордағы тағдыры жайлы арнайы бейнекөріністер көрсетіліп, үнсіздікпен еске алынды. 1937 жылдары кеңестік керітартпа идеялогиясының қарамағында тағдыры тәлкекке түскен айтулы алаш азаматтарының өлең-жырлары оқылып, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Сонымен қатар Алаш азаматтарының туындыларын кітап көрмесіне қойып, көпшілікпен таныстырды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zhazy-syz-zhapa-shekkender.html#sigProId5ea1315cdd