+7 (7182) 34-89-93

2019 жылдың 15 мамыр күні Жеңіс күніне орай кітапханамыз тыл еңбеккерлерін, Кеңес Армияның және Ауған соғысына қатысқан ардагерлерін қарсы алды.

Іс-шараға «Позитив» және «Радуга» ансамблдері қатысты. 46-балабақшаның тәрбиеленушісі Жарылғас Ж. «Что такое День Победы?» өлеңімен, біздің оқырмандарымыздың жүректеріне жол тауып, жүрек қылын қозғай білді.

Салт бойынша, мерекеміз әскери ботқа қойылған дастархан басында өткен соғыс жылдарын еске алумен, бір-бірімізге айтылған жылы лебіздермен тәмамдалды.

Мерекемізге азық-түлік жиынтығынан керемет сыйлық жасаған Қызыл Ай қоғамының директоры Г.М.Исакановаға алғысымызды айтамыз.

Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.
(Мақал-мәтел)

Онлайн кім

Қазір 56 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр