Биыл 2025 жыл ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНІҢ 80 жылдығына орай көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. 1941-1945 жылдар аралығында мыңдаған қазақстандықтар майданға аттанып, ерлікпен шайқасты. Арттағы ел еңбекпен, төзіммен жеңіске үлес қосты. Бұл – барша халықтың Жеңісі.
Бүгін сол жылдарды еске алу мақсатында облыстық арнайы кітпханасында «Жеңіс туралы жанды сөз» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Ақпараттық сағатқа кітапхананың белсенді оқырмандары қатысып, 2020 жылы Жан алауы дыбыстық студиясында басылып шыққан «Жеңіс туралы жанды сөз» аудиокітабын тыңдап өз ойларымен бөлісті. Осы дыбыстық жазба кітабында кітапхананың белсенді оқырмандары Б. А. Аккузинова, , Ж. Садыков, Л. Бевз, Т. Окольничья, К. Симонов, В. Косович сынды ақын-жазушылардың жазбалары дыбысталған.
Аудиокітап негізінен 3 бөлімнен тұрады:
- «Өткен жылдар тірі естелігі»
- «Соғыс туралы өлеңмен»
- «Балалар жеңіс туралы»
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zhe-is-turaly-zhandy-s-z-a-paratty-sa-at.html#sigProId2017a8e79b