2022 жылы 27-і сәуір облыстық арнайы кітапхана төрінде «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты дебат жарыс сөзі өтті.
Дебатқа Павлодар Педагогикалық университетнің «Ақиқат»дебат клубының мүшелері мен Б.Ахметов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжнің «Алаш» мүшелерінің 1-і курс студенттері бірі жақтаушы ,бірі қарсы топ болып ойын көрсетті. Ойын «британдық» форматта өтті. Аталған екі топқа «жемқорлықты жеңуге болады ма?» деген өзекті тақрып ортаға тасталды.
Осы тақырып бойынша ойын соңында «жемқорлықты жеңуге болмайды» деген пікірге тоқталып «Ақиқат» дебат клубы өз командасын алға алып шықты.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zhem-orly-syz-o-am-a-adam-atty-debatty-turniri.html#sigProIde64ce91dde