30 қыркүйекте Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Жоба: теория мен тәжірибе» тақырыбында семинар өткізді.
Қызметкерлер кітапхана пунктеріндегі әріптестерімен инновациялық жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Интенсивті режимде семинарға қатысушылар әртүрлі санаттағы мүгедектерге кітапханалық қызмет көрсету бойынша жобалар құрып, әлеуметтік-мәдени оңалту саласында пікір алмасты.
«Щарбақты ауданының орталық кітапхана жүйесі» КММ кітапханашылары - Кизатова Айгүл Қабылбекқызы мен «Успен ауданының орталық кітапхана жүйесі» КММ - Бекенова Айдана Теміржанқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапханалық қызмет көрсету тәжірибесімен бөлісіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқуда табысқа жету туралы әңгіме жүргізді.
Семинар қатысушыларына кітапхана жұмысына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zhoba-teoriya-men-t-zhiribe.html#sigProId7988d0e123