+7 (7182) 34-89-93

Тұңғыш Президент күніне орай көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында жыл сайын «Брайльша оқимыз және жазамыз» сайысын  өткізу дәстүрге айналды.  

Өткен жылғы сайыста сауаттылығы мен жазу жылдамдығын ескере отырып диктант жазғызсақ, биылғы жылы негізгі назарды оқу жылдамдығына аудардық.

Сайысқа жас ерекшелігіне қарай екі топ қатысты: 1 топ – «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ  оқушылары,  2 – топ брайль жүйесін жақында меңгерген ересек көз мүгедектері.

«Елбасы – ел тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларға «Н.Назарбаев еңбектері» атты кітаптарынан шолу, Брайль өмірбаяны мен жүйесіне қатысты сұрақ-жауап, Л. Брайль мен А. Касымовтың өмірбаяны туралы ақпараттар мен «Ұлт көшбасшысының жолы» атты дауыстап оқу өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен  бағалы сыйлықтар табысталды.

Онлайн кім

Қазір 114 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр