25 маусым күні Павлодар облыстық қарттар мен жалпы мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған әдеби сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, рухани мұраны сақтау және қатысушыларды ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларға Жамбылдың өмір жолы, шығармашылық мұрасы және оның қазақ мәдениетіндегі орны туралы әңгімелеп берді. Оның халық ақыны ретіндегі ізгілік, әділдік және Отанға деген сүйіспеншілікті жырлаған шығармашылығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар Жамбылдың әндері мен шығармаларының аудио жазбаларын тыңдап, оның поэтикалық шеберлігі мен рухани байлығын терең сезіне алды.

