+7 (7182) 34-89-93

Бүгін облыстық арнайы кітапхана ұжымы Қазақтың ұлы күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Жыр-семсер, күй-құдірет, өлең-өрнек» музыкалық әдеби кешін «Черноярка Маржаны» демалыс орнында  өткізді. Іс шара шымылдығы «Адай» күйімен ашылды.

Біздің өнерлі оқырмандарымыз: Ж.Садыкова және Л.Кызынгашова, Сапарбек Шайхимович демалушыларға өздерінің керемет дауыс ырғағымен және де домбраның қоңыр үнімен ән шырқап, керемет күн сыйлады, Макраме қолөнер шебері Нуриманова Сауле керемет бұйымдарын ұсынды, «Күй атасы» тақырыбына кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінде күйшінің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту болды. Құрманғазының күйшілік мұрасы – қазақ ұлттық мәдениетінің тарихи белестерін айқындайтын, көркемдік келбетін сипаттайтын, образдық әлемін саралайтын шығармалар. Көрмеге Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсеннің «Қазақ күйінің тарихы»; А.Жұманов «Құрманғазы» Ә. Нысамбаев «Қазақ энциклопедиясы» т.б. материалдар қойылды.

Онлайн кім

Қазір 45 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр