Жеңіс күні – әлемдік тарихтағы ең сұмдық соғыстардың бірінің аяқталу құрметіне арналған мереке ғана емес. Жеңіс күні – ең алдымен, ерлік, намыс пен батылдық мерекесі, біртұтас халық болудың қаншалықты маңызды екенін еске салады, өйткені Отанды қорғау үшін бірлесе отырып, бірге тік тұрып, еліміз жеңіске жетті.
Біз үшін соғыс – тарих. «Ұлы Жеңістің» 78 жылдығына орай облыстық арнайы кітапхана дәстүрлі түрде оқырмандар мен қонақтарға «Жырлаймыз Ұлы Жеңісті» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға: «Поречье» казаки ән ансамблі – жетекшісі Князев С., «Домовята» шығармашылық шеберханасы – меңгерушісі Баженова Ж., белсенді оқырмандар: Кызынгашева Л., Косович В., Аккузинова Б.
Соғыс ардагері, оқырман Чебан Елена Яковлевна сол сұрапыл күндер туралы естеліктерімен бөлісті. Барша халыққа бейбітшілік пен ешқашан соғыс болмасын деп тіледі.
Атаулы мерекеге «Ел ұмытпайтын ерлік» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Біз миллиондаған аталарымыздың есімі үшін жанын қиған ұрпақпыз! Біз, болашақ Отан қорғаушылар, Ұлы Жеңістің бағасы мәңгі есте сақталуда!
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/zhyrlajmyz-ly-zhe-isti-merekelik-kontsert.html#sigProId02a038d3df