+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Облыстық арнайы кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Зор мүмкіндігі бар ел» атты әдеби-музыкалық кеші өтті. Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.

Кеш барысында Тәуелсіздік жолында желтоқсан оқиғасына қатысып,қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары жөнінде сөз қозғалып, желтоқсан құрбандарын 1-минут үнсіздікпен еске алдық.

Сабиев.Ж орындауында желтоқсан оқиғасының әнұраны «Желтоқсан желі» және «Қара бауыр қасқалдақ» әндері орындалды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің егемендік жылдарының тарихына шолу жүргізіліп, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті М.Сарина «Туған жер» әнін оқырмандарға тарту етті.

Кітапханамыздың белсенді оқырмандарымыздың мерейтойларын атап өтіп, алғыс хаттарын табыстадық. Кеш соңында кітапхана қызметкерлеріне оқырмандарымыз өздерінің тілектерін білдірді. Тәуелсіздіктіктің 25-жылдығына арнап жазылған зағип ақындарымыз Ж.Сабиев пен О.Григорьеваның өлеңдері оқылды.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен тұрақтылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр