25 ші маусымда Облыстық арнайы кітапхананың Instagram, Facebook, Youtube әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін алғаш рет «Берекелі дастарқан» арнайы жоба жарияланды. Бұл жобада қазақ халқының ұлттық дәстүрлі тағамдары жайлы айтылады.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері ет тағамдары, сүт және нан тағамдары. Шәй дастарқанының басты асы- бауырсақ. Бауырсақ ең жоғарғы сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Қазақтың ұлттық бауырсағы әр түрлі пішінде, үш-төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Бауырсақтың түрлері көп. Мысалы: бармақ бауырсақ, жол бауырсақ, ши бауырсақ, ақ бауырсақ, шәй бауырсақ т.б болып бөлінеді.
«Берекелі дастарқан» онлайн арнайы жобасы бойынша ақпараттар әр айдың соңғы бейсенбі күндері жарияланып тұрады.