23 қыркүйек күні кітапханамызда «Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушыларға кітапханалық қызмет көрсету: заманауи тәсілдер, ресурстар және тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында арнайы кітапханалардың қызметі, заманауи технологиялар мен ресурстарды пайдалану, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсетудің тиімді тәсілдері кеңінен талқыланды. Қатысушалар үшін «Тактильді пазлдар» интерактивті ойыны, «Кітапхана әлеуметтік желіде: контенттен оқырманға дейін» шеберлік сыныбы, «Нүктелі домисоль» музыкалық жобасы және т.б. тәжірибелік жұмыстар, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады.
Осындай кездесулер – кітапхана ісіндегі жаңа идеялар мен озық тәжірибелерді ортаға салып, әр оқырманға кітап пен білім әлеміне тең мүмкіндік беруге бағытталған маңызды қадам.
Кітапхана – тек кітап сақтайтын орын емес, әр адамға есігі ашық, білім мен мәдениетке бастайтын орта.

