+7 (7182) 65-01-29

11 қыркүйек күні республика бойынша V жалпы республикалық «КітапTime-2026» кітап фестивалі өтуде. Фестиваль аясында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада әдеби кездесу өтті.

Кездесу ересек оқырмандардың басын қосып, қатысушылар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, кітаптардан алған жеке әсерлерін айтып, әдебиетпен танысудың түрлі жолдарын талқылады.

Кездесудің ерекше әрі әсерлі өтуіне кітапхананың белсенді оқырмандары өз үлестерін қосты. Олар әдеби тапсырмалар мен пікірталастарға белсене қатысып қана қоймай, іс-шараның тақырыбына сай әндер орындап, кештің мазмұнын әсем музыкалық қойылымдармен толықтырды. Оқырмандардың өнері кездесуге жылы әрі көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітап, музыка мен шығармашылықтың адамдарды біріктіретінін көрсетті.

Кездесу еркін пікір алмасу, жылы қарым-қатынас және кітапқа деген сүйіспеншілік атмосферасында өтті. Әр қатысушы өз әлемімен бөлісіп, жаңа шығармалар туралы мағлұмат алып, жақсы әсермен тарқасты. Өйткені бір кітап — тұтас бір әлем, бір сағат — әдеби саяхат, ал бірге оқу — адамдарды жақындастыратын ерекше мүмкіндік!

Онлайн кім

Қазір 93 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр