+7 (7182) 34-89-93

4 мамыр күні «Жас қанат» жасөспірімдер үйінде тәрбиеленушілерге арналған   «Біз Елдің әскеріміз. Біз халықтың әскеріміз!» атты Ерлік сабағы  өтті. Жасөспірімдер  мерекенің тарихымен танысып, Қазақстанның қарулы күштері жайлы маңызды фактілері жайлы білді. Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығының орынбасары  Қожахметов Т. М.  армияның жедел қызыметі жайлы мәлімет берді. «Жас қанат» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Э.Шолохов пен И. Агеев армияда болаған кезеңдерін баяндап берді.

Музыкалық колледждің және«Жас ұрпақ»   жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері музыкалық өнерлерін көрсетті. Облыстық арнайы кітапханасының қызметкерлері «Елдің әскері.Халықтың әскері» атты  кітап көрмесін ұйымдастырып,  көрмеге қызықты материялдар мен ел тыныштығын сақтайтын Қазақстан Қарулы күштері жайлы кітаптар қойылды. Іс шара өте ауқымды өтті.

Онлайн кім

Қазір 64 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр