11 қараша күні кітапханамыз ерекше көңілді, шуақты әрі сиқырлы күйге бөленді! Бізге ең кішкентай әрі білуге құмар оқырмандарымыз — Павлодар қаласының N57сәбилер бақшасы Көптілде тәрбиелеу орталығының тәрбиеленушілері қонаққа келіп, Kitap Talk форматында қызықты саяхатқа аттанды.
Бүлдіршіндер үшін кітап — жануарларға тіл бітіп, жақсылық әрқашан жеңіске жететін нағыз ғажайыптар әлеміне апаратын есік! Саяхатымыз қалай өтті: түрлі-түсті, әсем безендірілген кітаптарды парақтап, сүйікті ертегі кейіпкерлерімен таныстық; өз ойымызбен бөлісіп, алғашқы әсерлерімізді айтуды және кітап мұқабасының артында не жасырылғанын қиялдауды үйрендік; қызықты ойындар ойнап, жұмбақтар шештік және ертегі кейіпкерлерін сомдап, мәз-мейрам болдық; естелікке көптеген әдемі суреттерге түстік!
Балалардың көзіндегі шынайы қызығушылық пен қуаныш — біз үшін ең үлкен марапат. Кітап оқуға және мейірімді ертегілерге деген сүйіспеншіліктің дәл осы балғын шақтан басталатыны қатты қуантады!
Балабақша тәрбиешілері мен кішкентай қонақтарымызға керемет көңіл-күй мен риясыз күлкілері үшін алғыс айтамыз. Жаңа ертегілер әлеміне саяхаттауға тағы да күтеміз!
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/kitap-ar-yly-zge-lemge.html#sigProIdfa4d8452ac

