+7 (7182) 34-89-93

21 қараша күні Облыстық көзі көрмейтін  және нашар көретін азаматтар арналған арнайы кітапхана қабырғасында «Мүгедектігі бар әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» бойынша «Даму» қорымен бірлесе «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоцияциясы» Қоғамдық Бірлестігі оқу курсын  өткізді.

Курс бағдарламасында келесі тақырыптар қарастырылды. Олар: «Мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделген мүгедектік ұғымының ағымдық түсініктемесін құру», «Мүгедектігі бар әйелдердің өзіне деген  сенімділіктерін арттыру, жеке бөліну мен масылдықтан арылу», «Ұжымдағы көшбасшылық әдістері мен қабілеттілігіне үйрету», «Тиімді қарым-қатынас, өзін-өзі таныстыру және өзінің бизнес-жобасын таныстыра білу қабілеттеріне үйрету, кәсіпкерлік қызмет барысында күйзелістерді көтере білу».

Курс барысында мүгедектікке құқықтық жолдары, сұхбат тиімділігі,  мәселелер, міндеттерді дұрыс тұжырымдау, мүгедектігі бар әйелдерге қатысты кемсітудің қос мәселесі, олардың шешу жолдары, бұйыру мен  мотивация ұғымын ашу  талқыланды.  Курс қатысушылары оқытуға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибемен бөлісіп, бизнес-идеяларды саралауға тырысты.

Тренинг бір қалыпты, табысты өтті. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр