Бүгін көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында Павлодарлық жазушы Людмила Николаевна Бевзпен N24 орта мектеп оқушылары, «Облыстық арнайы мектеп-интернаты», сонымен қатар N9 гимназиядан келген оқушылар арасында керемет кездесу өтті, онда автордың зағип және нашар көретін балаларға арналған қолжетімді форматта: аудио және бедерлі-нүктелік кітаптары ұсынылды. Кездесуге келген Павел Васильев атындағы мектеп мұражайының меңгерушісі Байкенова Галина Зайдановна құттықтау сөз сөйлеп, осы гимназия оқушылары Людмила Бевздің бірнеше шығармасын ықыласпен оқып берді.
Өлкеміздің ақынымен жүздесу жылы және достық атмосферада өтті. Сонымен қатар балалар ақынның ертегі, әңгімелерді, өлеңдерді қалай құрастыратынын ерекше ықыласпен тыңдап, авторға көптеген қызықты тіпті автордың өзін таңқалдыратын сұрақтар да болды.
Шара соңында кітапханадан Людмила Николаевнаға бірлескен жұмыстары үшін – жазылған кітаптардың аудио-дискілері және кітаптың бедерлі-нүктелік форматтағы көшірмесі ұсынылды. Дәл осындай сыйлықты мектеп-интернаты мен N9 гимназия мектебінеде табыстадық.