+7 (7182) 65-01-29

Отбасы күні қарсаңында «Отбасы – рухани құндылықтар бесігі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру, ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық тәрбиенің маңызын насихаттау. Кеш барысында отбасы – сүйіспеншілік, сыйластық, сенім, мейірім, жауапкершілік пен бірліктің мекені екені айтылып, отбасы туралы өлеңдер, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер ұсынылды. Іс-шара соңында «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Кештің мазмұнын кітапхананың белсенді оқырмандары музыкалық өнерлерімен толықтырды. Іс-шара барысында отбасы тақырыбына арналған әндерді Сыздықова Т., Бағдатова А., Тлешова Б., Булумбаева З. орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ән мен жыр тоғысқан әсерлі кеш қатысушыларға ерекше жылулық пен жағымды эмоция сыйлады.

Отбасы – әр адамның жүрегіне жақын қасиетті шаңырақ. Кеш соңында қатысушылар отбасы мүшелерін қадірлеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу және отбасылық дәстүрлерді сақтау – әр адамның маңызды міндеті екенін атап өтті. Іс-шара мейірімділік пен сыйластыққа толы жылы атмосферада өтіп, көрермендерге жақсы көңіл күй мен жүрекке жылы әсер қалдырды.

Онлайн кім

Қазір 92 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр