+7 (7182) 65-01-29

Арнайы кітапханада павлодарлық жазушы Людмила Бевздің «Үш детективтік оқиға» және «Ересектерге арналған мысалдар» атты шығармаларының таныстырылымы өтті. Аталған шығармалар аудио және рельефті-нүктелі (Брайль) форматтарда ұсынылды.

Бүгінгі кездесудің ерекше бөлімі – Светлана Курносованың «Әріптерді үйренеміз» атты кітабы болды. Бұл кітаптың Людмила Бевз және Светлана Курносова есімді екі апалы-сіңліліге тікелей қатысы бар. Светлана Курносова – кітаптың авторы болса, Людмила Бевз осы шығарманың дыбыстық нұсқасына өз дауысымен үн қосқан.

Жаңа форматтар әдебиетті қолжетімді етіп, шығармалармен дыбыс және тактильді қабылдау арқылы танысуға мүмкіндік береді. Әсіресе жергілікті авторлардың шығармаларының осындай қолжетімді форматтарда ұсынылуы маңызды. Бұл – өңіріміздің әдеби мұрасын сақтап, оны көру қабілеті бұзылған жандардың оқырмандық әлемінің бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Авторларға, қонақтарға және кездесуге қатысқан барша жандарға жылы атмосфера мен кітапқа деген сүйіспеншілік үшін алғысымызды білдіреміз!

Онлайн кім

Қазір 305 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр