Биыл жыл кітабы болып Дулат Бабатйұлының шығармашылығы таңдалды. Іс шараға «Бір ел –бір кітап» акциясының кітап көрмесі дайындалды. Төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлеріне акцияға таңдалған әр жылдың кітабы туралы мағлұмат берілді.
Слайд пен бейнебаян көрсетілді: халық әртісі Мақпал Жүнісованың орандауындағы әннің сүйемелдеуімен «Халық ақыны» Фариза Онғарсынованың естеліктері көрсетілді. Іс-шара барысында біздің кітапхананың белсенді оқырмандары Адамжанова Гүлнар және Кызынғашева Лиля ән айтты.
Олар Абайдың әндерін домбыра мен баянда орындады. Біздің жүргізушілеріміз осы акцияның тарихы мен мақсаты туралы айтты және 2007-2015 жылдар бойы таңдалған жылдың кітабын атап мазмұның ашты.
Төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлерін 2016 жыл ақыны Дулат Бабатайұлы шығармашылығымен таныстырды. Ақынның шығармаларынан үзінділер оқылды.