+7 (7182) 65-01-29

19 қараша күні Павлодар облысының қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Машһүр мұрасының шырақшысы» атты тағылымды-танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара көрнекті қазақстандық ғалым-филолог, жазушы, драматург Қуандық Пазылұлы Жүсіптің туғанына 85 жыл толуына арналды.

Іс-шара барысында қатысушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, оның рухани мұрасының маңызын тереңірек түсінді. Әдебиет әлеміне саяхат жасап, ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі туралы тағылымды мәліметтер алды.

Іс-шара соңы оқырмандар назарына ұсынылған «Машһүр мұрасының шырақшысы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалуымен аяқталды.

Онлайн кім

Қазір 74 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр